Эргашвой Холметов Астана үшін 20 кг палау дайындады.
Елорда күніне орай Астанада, Қазақстанда Өзбекстанның Жылы аясында "Палау-pаrty" акциясы өтті. Оған "Шарк" тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Холметов қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары "Дустлик" ҚР өзбек қоғамдық бірлестіктерінің Қауымдастығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстанның студенттер Альянсы.
Іс-шара "Студенттік" саябағында өтті, таңертеңнен карнайлар мен сурнайлардың үні естілді. Акцияға қатысушылар, олардың арасында Түркістан облысының өзбек аспаздары және Қостанай облысының бас өзбегі, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін, жалпы көлемі бір жарым тонна, 20 қазан палау дайындады. Шамамен 5 мың адам өзбектің тәтті палау дәмін татты.
- Біз палаудың бір бөлігін мерекеге келген адамдарға таратып бердік, ал қалған бөлігін балалар үйі мен мүгедектерге арналған мекемелерге жібердік. Сондай-ақ, астаналық № 2 перинаталдық орталығына да палау жеткізілді. Елорда Күнінің мерекесінде дүние есігін 20 бүлдіршін ашты. Бұл тамаша және керемет мереке! Мен палауды өз рецептім бойынша, ноқат пен мейізді пайдалана отырып, дайындадым. Осы мерекеге шақыру алғаным, мені өте шабыттандырды және қуантты, - деп атап өтті Холметов.
Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі