Chania
913
23.03.2018
Әлем елдері Наурызды қалай тойлайды

Наурызды тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан келе жатыр

Tengrinews.kz мәліметтеріне сүйінетін болсақ, наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.  Наурыз мерекесін көбіне мұсылман елдері тойлағанымен, негізінде оның шығу тегі ислам дәуіріне дейінгі пұтқа табыну және зорастризм кезеңінен бастап, кей мәліметтер бойынша біздің заманымызға дейінгі 3000 мың жыл бұрын тараған деседі. Осыған байланысты кейбір мұсылман елдерінде Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған, себебі ол «құдай жалғыз» деген ұғымға қайшылық келтіреді екен. Осы мерекеге ұқсас мейрамдар Латын Америкасында, Африка елдерінде және Үндістандағы «Холи» мерекесі мен славян халықтарының «Масленицасына», бирмалықтартың «Су мейрамына», хорезмдіктердің «Наусарджи», буряттардың «Сагаан сара», армяндардың «Навасарди», чуваштардың «Норис ояхе» мерекесіне ұқсатуға болады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда күн мен түн түннің теңесуі, яғни 12 сағат — күн, 12 — сағат түн болатын уақыт. Мұның нақты уақыты наурыздың 20-21 аралығына келеді. Төрт жылда 3 рет — 20 наурызда, 1 рет — 21 наурызда. Бұл жолы 20 наурызда болады, нақты уақытын атауға да болады — сағат 22.15-те. Осы күні күн шығыстан шығып, батыстан батады. Мұндай құбылыс расында да бар — рефракция. Бірақ негізі бұл күні күн түннен 12 минутқа ұзағырақ болады. Дегенмен де бұл күні күн мен түн теңеседі екен.

Наурызды тойлаудағы барлық елдегі сәйкестіктер — 20-23 аралығында тойлау, бидай өнімдерін тағам әзірлеу, бір-бірінің үйіне барып қонақ болу, түрлі жарыстар мен сауық-сайран құру.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Біздегі Наурыз мейрамы басқа елдерде қалай аталады? Нақты қай күндері тойлайды және дастарханға қандай тағамдар қойылады?

Иран

Ноуруз — деп атайды. Ирандықтар бұл мерекені мұсылмандар күнтізбесі бойынша көктемнің бірінші күні, ал Григориан күнтізбесі бойынша 22-і тойлайды. Наурыздың 20-нан бастап 13 күн тойланады. «Хафт-Син» — міндетті түрде жеті түрлі тағам дайындалады. Ирандықтар осы мейрам басталмай, әр кім өз үйін тып-тинақтай етіп жуып тазалайды екен. Олар оның —  ханетакани деп атайды.

Әзірбайжан

«Новруз байрам» деп атайды. Наурыздың 20-нан бастап 5 күн қатар тойланады. Негізінде 21 наурызға дейін төрт апта бұрын тойлау басталады. Дастарханға міндетті түрде жұмыртқаны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа бір жағына домалаған кезде, соны жаңа жылдың келуі деп санайды. Әрбір үйде дастархан үстінде міндетті түрде бидай тұқымынан өсірілген дақылдар қойылады.

Тәжікстан

«Навруз», «Бәйшешек», «Гүлгардон», «Гүлнавруз», «Хадир айиам», яғни, «үлкен мереке» — деп атайды. 20-21 наурыз аралығында демалыс күндері. Наурызды достықтың кілті және тіршіліктің оянуы деп санайды. Дастарханға тәтті суманақ асы қойылады. Оны бидай өнімінен дайындайды. Ерлер арасында «бузкаши» (қазақтың көкпарына ұқсас) ойыны өткізіледі.

Өзбекстан

«Навруз» — деп аталады. Ресми түрде тек 21 наурыз демалыс күні, алайда бұл мереке 13 күн бойы тойланады. Олар 13 күн бойы істеген игілікті ісі айдан-айға ұласып, жыл бойы жалғасады деп сенеді. Мерекенің алғашқы күндері түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Ал тоқтықтың белгісі ретінде мейрам күндері әрбір үйдің дастарханына «сумәләк» асы қойылады.

Қырғызстан

«Нооруз» — деп аталады. Наурыздың 21-і ғана тойланады. Жылдың алғашқы күнінде «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» ұлттық тағамдарын дайындап, Жаңа жылда бір-бірін көтеріңкі көңіл-күймен құттықтайды. Бұл күні алыс-жақын туыстар кең жайылған дастархан басында жиналып, бір-біріне ізгі тілектер айтады. Түрікменстан «Новруз байрамы» — деп аталады. 21-22 наурызда тойланады. Наурыздың осы күндері ауыл шаруашылығы үшін жаңа жыл болып саналады. Мерекелік дастарханға бидай өнімінен ұлттық тағамдар әзірленіп, халва, тәтті нандар мен уыттан ботқа дайындалады. Наурызда түркімендер бір-бірінің үйіне барып, қонақ болады, ал жастар кешкі уақытта жаппай сауық-сайран құрады.

Ауғанстан

«Навруз» немесе «Жаңа жыл» деп атайды.  21-22 наурызда тойланады. Дәстүр бойынша Ауғанстанның солтүстік астанасы — Мазари Шариф қаласы Наурыз мейрамын тойлау «астанасына» айналады. «Хафт син» және «хафт мева» (жеті жеміс түрі қойылады). Би фестивалі, спорттық жарыстар және әуе жыланынын ұшырады. Бұл күні ауғанстандықтар Кабулдағы Карт Сакхи мешітіне жиналып, әулие тудың көтерілуін тамашалайды.

Қазақстан

Наурыз — деп атайды. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді. Осы мейрамда наурыз көже әзірленіп, қазақтың ұлттық тағамдарыдастарханға қойылады. Наурыз көже дайындалып, ұлттық тағамдар мен сусындар қойылады.

Түркия

Невруз («Newrouz», «Newrouz Bayrami») — деп атайды. Түркия билігі 1966 жылы бұл мерекені тойлауғы тыйым салуды қарастырған, алайда бұл сол елдегі тұратын өзге ұлттар мне ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі мереке боғландықтан, өзгеріссіз қалған. Бүл күні көшелердегі саябақтарда от жағылып, адамдар лапылдаған жалынның үстінен секіреді. Оттың үстінен секірген уақытта адам бойындағы жаман энергиядан, ауру-сырқаудан арылады деп сенген.

Сирияда бұл мейрамды тойлауға тыйым салынған. Сонымен қатар, Ресей Федерациясындағы бірнеше республикаларды осы мереке кеңінен аталып өтеді. Қытайдағы қазақтар мен Ұйғыр автономиясы да тойлайды.