Chania
913
19.04.201
«Тіл – парасаты» байқауы

Жастар білімдерін ортаға салды

Бүгін Достық үйінде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өңіріміздегі мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында «Тіл-парасат» атты облыстық байқау болып өтті.

Мұнда жалпы, 18 өзге ұлтының өкілдері үш кезең бойынша сайысқа түсті. Олар бірінші кезеңде арнайы берілген тақырып бойынша жан-жақты әңгімелеп, ойларын ортаға салды. Екінші кезеңде өздері таңдаған тақырыпта эссе жазды. Үшінші кезең «Шабыт жұлдызы» деп аталды. Мұнда олар көрермендерге өздерінің өнерлерін көрсетті.

Осы байқауға алғаш рет қатысып отырған қаламыздағы экономикалық колледжінің 2 курс студенті Таисия Домальчукті сөзге тарқанымызда ол былай деді:

-Мен мектепте оқып жүріп қазақ тілін үйрене бастадым. Анам Валентина да мемлекеттік тілді  жетік меңгерген. Сонымен қатар сіңілім Оля да қазақша сөйлейді. Өзім осындай байқауларға жиі қатысып тұрамын. Бүгін жиналған көпшіліктің алдында жетім қыздың монологын оқимын. Бұл сайысқа үлкен дайындықпен келдім. Маған облыс орталығында ұйымдастырылып тұратын әртүрлі тақырыптағы басқосулар мен кештер қатты ұнайды. Әрдайым өзімнің ойымды қазақ тілінде жеткіземін.

Сондай-ақ аталмыш сайыстың ұйымдастырушысы облыстық тілдерді дамыту басқарамасының тілдерді дамыту бөлінің бас маманы Диана Қыдырованың айтуына қағанда, бұл байқаудың басты мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мен өзге ұлт  өкілдерін ана тілімізге ынталандыру, сонымен қатар талантты жастарға қолдау көрсету.

Байқау болғасын әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайтыны белгілі. Жүлделі бірінші орынды Амангелді ауданынан келген Оксана Тереньтева жеңіп алды. Екінші мен үшінші орындарға Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Виктория Султаншина мен рудныйлық Виктория Дорошколар ие болды.

Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Источник: top-news.kz