Chania
761
11.01.2018
Владимир Божко Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко кездесуде депутаттық қызметі жөнінде шолу жасай келіп, жаңартылған заңдар мен заң жобаларын таныстырды.

Владимир Божко  ең алдымен Қостанайда 9 жексенбілік мектептердің жұмыс жасайтынына  аса назар аударды.

  • Жексенбілік мектептердің қызмет жасайтыны өте жақсы, себебі  тілдерді жақсы тез игеруге  барша адамдардың мүмкіндіктері зор.
    Біз енді  мемлекеттік тілді үйренуге назар аударуымыз керек. Өйткені қазақ тілі – қызметтік  және экономикалық жедел сатыдан тұрады. Қазіргі таңда іске асып жүрген тағы бір маңызды мәселе - Қазақстан халқының интерактивті картасын құру. Біз онда Қазақстанда өмір сүрген барлық этникалық топтарды және ұлт өкілдерін көрсетуді қалаймыз.  Және де мен, этномәдени бірлестіктері өкілдерін осы мәселе төңірегінде өздерінің қызықты әңгімелерімен бөлісуге, ұсынуға шақырамын. Осылайша біз, «Барлық этностардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсете аламыз», - дейді Божко.

Сонымен қатар, Владимир Божко  Қостанай өңіріне  сапары жайлы нәтижесімен   бөлісті.

Науырзым ауданының көрікте жері Шолақсай ауылына барып жергілікті мұражайды аралады. Өткен жылы ауыл өзінің 120 жылдығын атап өтті. Ауыл тұрғындары өз ауылдарының тарихын өздерінің меншікті мұражайында сақтап келеді. Оның үстіне, жас ұрпақта соған қарап өседі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдәұлы ауылдағы ең басты- ЖШС «Шолақсай-1» басқарады. Оның  бастамасымен 2014 жылы мұражай құрылды. Халық бұл идеяны бір ауыздан қолдады.

Әр отбасы   аталары мен  әжелері сақтаған ең қымбат  және құнды заттарын әкелді. Оның ішінде: ескі ыдыс-аяқ, киім-кешек, күнделікті тұрмыстық заттар және т.б. Кәсіпкерлердің арқасында ауылда көптеген әлеуметтік нысандар салынып, дами бастады.

-Мен Шолақсай ауылындағы мұражайдан «Туған жер» бағдарламасының нақты үлгісін көре алдым. «Бұл мекенде  өз жерін, Отанын жақсы көретін жандар өмір сүреді, және де олар ауылдық жердегі  өмірді дамытуда қолдарынан келгенше барлық мүмкіндіктерді жасайды»,-дейді Божко  сөзін қорытындылап.