Chania
1121
15.12.2016
Мерейтойға марапат!

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының өкілдері мемлекеттік марапаттармен белгіленді.  
«Құрмет» орденің Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан облыстық Кәрістер ассоциациясының төрағасы, «БК-строй» ЖШС директоры Игорь Ким алды, ал «Вайнах» шешен-ингуш қауымының төрағасы Эльбрус Тимаевқа өңір басшысы  «Ерен еңбегі үшін» медаль табыс етті.
- Маған елмен, Ұлт басшысымен көрсетілген бұл құрмет, қуаныш пен мақтаныш сезімін толықтырады, - деп Игрь Ким қуанышпен айтты. – Биыл біз – облыстық Ассамблея атынан 8 бала тәрбиелеп отырған көп балалы Төлегеновтар отбасы үшін үй құрылысын аяқтадық. Ассамблея өз қамқорлығына алған бұл Қазақстандағы бірінші отбасы үйі.  Сөзсіз, әр баланың өз үйі, отбасы, жақсы көретін ата-аналары болғаның қалаймыз және Төлегеновтар отбасы осы тамаша міндетті орындап, жеке мені өте жігерлендірді.  Біз, бірлесе отырып, Тәуелсіздік жылдары көптеген жетістіктерге жеттік және ең бастысы бұл – мейірімділік пен қайырымдылық. Қазақстандықтар өздерінің бірлігімен, бауырластығымен, достығымен және келісімдігімен мықты! Барлығын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Қазақстандықтарға түрлі салада шыңға жету және әлемде талассыз беделі болуын тілеймін! 
«Казақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен ҚХА мүшесі және ҚХОА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Гүлвира Құдайқұлова, ҚХОА және ҚХОА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Александра Суслова, облыстық Украин қауымы кеңесінің төрағасы, Ақтөбе және Қостанай облысы бойынша Украинаның Құрметті консулы Анатолий Тарасенко, «Бирлик» азербайжан қауымының төрағасы Видади Юсубов және Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Болат Ибраев марапатталды.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм»КММ баспасөз қызметі