Chania
782
22.11.2016
Қостанайда «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

Диалог алаңы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған 25 жұлдызды күн жоспары шеңберінде облыстық Достық үйінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға тәжірибелі заңгерлер, құқықтану кафедрасының өкілдері, құқықтанушы-студенттер ғана емес, сондай-ақ қызметін доғарған судьялар, медиаторлар, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері шақырылды.  Қатысушылар өздерінің қазақстандықтардың конституциялық құқықтары, қылмыстық істер заңнамасы дамуына Қазақстан Республикасы Конституциясының ықпалы, Қазақстанда медиацияның дамуы, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің конституциялық-құқықтық негізі, Конституция және соттық билік тәуелсіздігі баяндамаларын  ұсынып, талқыға салды.
- Біздің Конституциямыздың тұрақтылық кепілгері, мемлекеттік жүйе жетекшісі -Республика Президенті болып табылады. Ұлт Басшысының саясаты арқасында  Қазақстан егемен, тұрақты, дүниежүзілік қауымдастықта танылған, Конституцияда жазылғандай жоғары құндылық адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатын   мемлекетке айналды деп, - Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Валерий Вишниченко айтып кетті.  Еліміздің қазіргі Конституциясы – мемлекетті ұстап тұрған берік, мықты іргесі болып табылады.
2007 жылы республикамызда конституциялық реформа өтіп, елімізде жаңа, сапалы саяси жүйе туды. Мемлекеттік құрылыстың сыналған қазақстандық үлгісін сақтай отырып, бірыңғай орталықтандырылған биліктің барлық тармақтар жүйесін жетілдірді.   Дәл сол уақытта, 2007 жылы өзінің конституциялық мәртебесін Қазақстан халқы Ассамблеясы алды,  сол уақыттан бері Мәжіліске осы институттан тоғыз депутат сайланатын болды. Олар этносаралық мәселелерге қатысты үлкен жұмыстар өткізуде.
Біздің Конституцияға салынған әлеует жеткілікті зор, өйткені біз оның негізгі қағидасын қозғамай, осы әлеуетті болашақта да қолдана аламыз!

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі