Chania
5
15.01.2025
М.ДУЛАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясы кабинеті қабырғасында облыстық ҚХА өкілдері - «Мансап» орталығының директоры, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Айгүл Сералиевна Сегізбаева және Жастар саясаты департаментінің директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Жанар Сейілханқызы Нұрғазинамен кездесу өтті.

Іс-шара ҚХА 30 жылдығын мерекелеу аясындағы қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау және жастар бастамаларын қолдауға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі жобаларын іске асыру шеңберінде өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланып, білім беру бағдарламалары, тренингтер және дөңгелек үстелдер төңірегіндегі жастармен жұмыстың басым бағыттары айқындалды, ұрпақаралық диалогты дамыту және бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне баса назар аударылды.

Ұрпақтар арасындағы жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністік қоғамдағы үйлесімділік пен бірлікті одан әрі нығайтуға ықпал ететітіне сенімдіміз.