Chania
5
15.01.2025
Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат» жобасы мен Аналар кеңесінің «Салауатты сана» бастамасы аясында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Іс-шара өзекті тақырып - лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алуға және жастардың салауатты дүниетанымын қалыптастыруға арналды.

Кездесу спикері №1 кешкі мектептің педагог - психологы және «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ психологы Жазира Ахметқалиқызы Аканова болды. Ол лудомания мәселесінің маңызды қырларын: лудомания мен құмар ойындардың арасындағы айырмашылықтар, лудоманның портреті қалай қалыптасады және ойынға тәуелділікті танудың негізгі белгілерін ашты.
Жазира Ахметқалиқызы лудомания жай ғана жаман әдет емес, емдеу мен алдын алуға кешенді көзқарасты қажет ететін ауыр психологиялық бұзылыс екеніне назар аударды.

Іс-шара қатысушылары тәуелділікке қарсы тұру және эмоционалды денсаулықты сақтау туралы құнды білім алды.