"Зеленое яблоко" газетінің редакциясында "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Руслан Мурзагалиевпен қызықты кездесу өтті.
Оның барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы, еліміздің түрлі этностары арасындағы бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндалды. Жас корреспонденттер жастар қозғалысын басқарудың тәжірибесінен бастап жастармен жұмыс істеу стратегиялары және табысты жобалар құру мәселелеріне дейін көптеген қызықты сұрақтар қойды. Өз кезегінде төраға балалардың ынта-жігерін және олардың болашақ пікір көшбасшылары ретіндегі қызметтерінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша "Зеленое яблоко" газетінде ҚХА арналған айдар шығарылып, онда жас журналистер Ассамблея қызметіне байланысты маңызды оқиғаларды, бастамалар мен жобаларды жариялайтын болады. Бұл оқырмандар үшін біздің ұйымның жұмысы және жастардың этносаралық келісімді нығайтудағы белсенділігі туралы көбірек мағлұмат алуға тамаша мүмкіндік туғызары сөзсіз.