Өкілдік топты темір жол вокзалында патриоттық өлеңді ойнаған оркестрі және қала тұрғындары қол шапалақпен қарсы алды.
Қонақшыл Қостанай жерінде қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қарсы алды.
- Біз Қостанай жерінің ұлы перзенттері Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Ғафу Қайырбеков отанына келгенімізге өте қуаныштымыз. Қостанайлықтарға Мемлекет Басшысының жалынды сәлемін алып келдік. Біз «Қостанай! Тобыл!» десек, Аркаим секілді ежелгі өркениет туралы айтамыз. Бүгінгі күні Тобыл ойшылы қазақстандықтардың ғана емес, сондай-ақ барлық адамзаттың мақтанышы. Біздің ата-бабаларымыз жоғары мәдени, жоғары рухани біртуар тұлғалар болып келді, - деп пойыз жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Әміржан Әлпеисов атап кетті. – Қостанай – бұл сарқылмас алтын қоры. Осы атаулы жылы қостанайлықтар Қазақстандықтарға ауқымды егін жинап, үлкен сыйлық жасады!
Қостанай пойыз маршрутының 12 пункті болды, ал 15 қараша күні пойыз құрамы Арқалыққа жетеді.
Облыстық орталықта өкілдік топ түрлі ұйымдарда және мемлекеттік басқармаларда ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауларға қатысты. №1 емханада астаналық дәрігерлер емделушілерді қабылдап, кеңес беріп, арнайы ем алу үшін Астананың және Алматының ғылыми орталықтарына жолдама берді.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауында қызу пікірталас орын алды. Медиация бойынша мәселелер белсенді талқыланып, сондай-ақ жастар үшін Қазақстанда Отбасы клубын құру, темір жол, мәдениет саласындағы қызметкерлердің зейнеткерлік жасы бойынша әулеметтік мәселелер қозғалды.
Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян Қазақстанда бірыңғай тегін қысқа мобильдік нөмір құрып, сол арқылы түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізуге ықыласын білдірді.
- Қайырымдылық акциялары арқылы біз өсіп келе жатқан ұрпақты рақымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, қазіргі уақытта бірігіп жұмыс істеу, өзара қолдау көрсету керектігін жеткізу.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ түстен кейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған дәріс-тұсаукесер өтті. Іс-шара шеңберінде Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясымен шығарылған бірегей кітапхана қорын астаналықтардан сыйға алды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі