Қостанайда V Хабардарлық онкүндігінің қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті.
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ психология кафедрасы мен Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара басқармалар, департаменттер, қоғамдық және жастар ұйымдарының, қалалық және облыстық мәслихаттардың, БАҚ өкілдерін жинады.
Қоғамда мүгедектігі бар адамдарға оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған хабардарлық онкүндігі аясында көптеген жұмыс атқарылды.
Дөңгелек үстел жұмысы аясында Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру және бейімдеу тақырыптары талқыланды, инклюзия бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, мектептер мен балабақшаларда қайырымдылық акцияларын - осы тақырыптағы көрмелер, сурет байқауларын өткізудің маңыздылығы туралы айтылды.