«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде жазылған бірлік, бейбітшілік және келісім құндылықтарын жылжыту мақсатында Рудный индустриалды институтында бірнеше жыл қатарымен Кіші Ассамблея белсенді жұмыс істеп келеді.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентімен бейбітшілік пен рухани келісімде 25 жыл», Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына, қазақ халқының көрнекті ағартушысы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақстанның ядролық қарусыздандыру жолы» атты бірқатар өзекті тақырыптар қарастырылған, кезекті отырыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналды.
Отырысты құттықтау сөздерімен тәрбие жұмыстары бойынша проректор Жасұлан Алпысбаев ашты. Тәуелсіздік жылдары біздің еліміз көп жетістіктерге жетті, бірақ ең бастысы діни сенімі мен этносына қарай байланысты емес барлық қазақстандықтардың этносаралық және конфессияаралық келісімі болып табылады.
Отырыс жүрісінде баяндама жасағандар: Рудный қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Жіліспаев, «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Қожахметов, Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді дамыту орталығының басшысы Ж.Джамбуршин, кафедра оқытушылары Р.Баймағамбетов және Ж.Қаттығарин.
Оқу мекемесінің студенттері қызықты баяндамалар дайындап, Қазақстанның тарихи деректері мен ядролық қарусыздандыруды қозғап қана қоймай, олардың салдарын айтып, сондай-ақ патриоттық студеттік клубтар және жастар қозғалысы өмірінен слайдтар ұсынды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз-қызметі