ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ
Қостанай облысының ОҚХА этномәдени бірлестіктері қорытынды кездесу өткізіп, ағымдағы жылдың жұмысын талқылап, болашаққа жұмыс жобаларын жоспарлады.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Динара Қарымсақова қатысып, биылғы жылы этносаралық саладағы қауымдастықтардың белсенді және жемісті қызметін атап өтті және Ассамблея үшін мерейтойлық 2025 жылға табыс тіледі.
Этномәдени бірлестіктер ҚХА 30 жылдығын мерекелеу аясындағы жұмыс жоспарлары баяндалып, ірі іс-шараларды өткізу мәселелері де, мереке құрметіне қалаға сыйлықтар ұсыну мүмкіндігі де қозғалды.