Chania
62
08.11.2024
"Мемлекеттік тілге жеті қадам" жобасы

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мемлекеттік тілге жеті қадам" жобасының қорытынды форумы ІQostanai Оқушылар сарайында өтті.

7 айлық жұмыстың нәтижелерін жариялау және үздіктерді марапаттау үшін облыстың барлық аудандарынан жүзден астам қатысушы жиналды.
Жоба барысында мемлекеттік тілді үйренуде жетістікке жеткен балалармен мұғалімдер және кураторлар жұмыс істеді. Олар әртүрлі тапсырмаларды орындап, тамыз айында Науырзым ауданында өткен 3 күндік оқыту лагеріне барды.

Бүгін қатысушылар үшін Достық үйіндегі кездесу, қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды, содан кейін балалар IQostanai орталығына аттанды. Марапаттау алдында арнайы шақырылған қонақ – Алматы қаласынан келген блогер, қазақ тілі мұғалімі Алина Кан сөз сөйледі.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали жобаның үздік бес қатысушысына 100 мың теңге сертификаттарын салтанатты түрде табыс етті: Куринько Ангелина (Науырзым ауданы), Николаева Дарья (Қостанай қаласы), Сенькина Янна (Арқалық қаласы), Макей Сергей (Қарабалық ауданы), Кондратович Иван (Федоров ауданы).

Тағы 15 финалистке 20 мың теңгелік сертификаттарды ұлттық Құрылтай мүшесі, "Ахыска” түрік этномәдени орталығы” ҚБ Астана филиалының төрағасы Әскер Пириев табыстады.

Сондай-ақ, осы жоба бойы оқушыларын даярлаған мұғалімдер де алғыс хаттармен марапатталды.

"Мемлекеттік тілге жеті қадам" жобасы екінші жыл қатарынан өткізіліп, қазақ тілін үйренуге ұмтылған түрлі этникалық топтардың жастарына қолдау көрсетіп келе жатыр.