Этномедиация бойынша шолу дәрісі
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған этномедиация бойынша шолу дәрісін өткізді.
Кәсіби сертификатталған тәжірибелік тренер-медиатор Ким Наталья Владимировна, сондай-ақ қоғамдық медиатор Ульяна Ким спикер ретінде қатысты.
Балаларды медиация негіздерімен таныстырып, сондай-ақ ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны жөнінде ақпарат берді. Кездесудің теориялық бөлігі өмірден алынған жағдайларды іс жүзінде талдау арқылы бекітілді.