Chania
36
28.10.2024
Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің «Мәдениет ана-Мәдениетті ұлт» жобасы бойынша қорытынды отырысы

Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы бойынша қорытынды отырысы Тобыл қаласының «Алтын дән» МҮ өтті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Камал Әлпейісова және Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, сондай-ақ облыс аудандарының Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен өтті.

Спикерлер республикалық Аналар кеңесінің жұмысы туралы айтып, «Салауатты сана» жаңа жобасын таныстырды. Оның мақсаты - қоғамның бес әлеуметтік кеселі: нашақорлықтың, құмар ойындардың, отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылықтың, вандализмнің, ысырапшылдықтың алдын алу және онымен күресу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Өз кезегінде облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Шушаник Саркисян қатысушыларды бірегей жоба – Хабардар болу онкүндігімен таныстырды. Бұл жоба 5 жыл бұрын бастау алып, Қазақстанда әлі баламасын тапқан жоқ. Баян Ахатай атап өткендей, бұл тәжірибе инклюзивті қоғамды дамыту және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін басқа өңірлердің Аналар кеңесіне берілетін болады.

Облыстық Аналар кеңесінің жұмысы туралы өз сөзінде төрайым орынбасары Ақжан Алтыбаева баяндап берді. Кездесу соңында қатысушыларға қоғамдық өмірге және өңірдегі этносаралық келісімді сақтау ісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.