Облыстық Қазақстан халқы Ассмблеясының мүшелері Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапаттау рәсімі Жастар сарайында өтті.
«Бірлік» медалі
Сергей Иванович Блок - «Возрождение» Қостанай облыстық неміс мәдени орталығының төрағасы, «Милх» ЖШС директоры, Федоров ауданының құрметті азаматы, меценат.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісі
Ким Игорь Романович-«БК - Строй» ЖШС құрылыс компаниясының құрылтайшысы, Иван Матвеевич Вечтейн - «К. Маркс атындағы» ЖШС директоры
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы
Мамталиев Ибрагим Екубович - «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты
Нидерер Игорь Николаевич - «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі,
Елеутова Кампит Мұхамбедзакировна - Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аналар кеңесінің төрайымы.
Сондай-ақ, АЭС салу тақырыбы бойынша Республикалық референдум өткізуге қосқан үлесі үшін Қостанай облысының «Ассамблея жастары» қозғалысының төрағасы Руслан Мурзагалиев пен Қостанай облысының белорус қауымдастығының төрағасы Евгений Владимирович Сотников Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұған дейін қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін «Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Салават Вальшин «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталған болатын. Ол 22 қазанда Астана қаласында өткен «Қайырымдылық керуені» ҚХА республикалық форумы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды марапатына ие болған болатын.
Біз барлық белсенді мүшелерімізді құттықтай отырып, зор денсаулық пен аймақтағы этносаралық келісімді сақтау ісінде сәттілік тілейміз!