Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған өңірдің ғылыми қоғамдастығы өкілдерімен өткен ауқымды кездесу Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің базасында өтіп, елуден астам қатысушының басын қосты. Мектеп, колледж педагогтары, студенттер, оқушылар, директорлардың тәрбие работе жөніндегі орынбасарлары, аудан орталығының белсенді жастары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері этносаралық келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме қозғады.
Кездесу барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың және «Ассамблея жастары» қозғалысының өкілдері қатарынан 8 спикер сөз сөйледі.
Конференцияның басты міндеті - аудан тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізу, этникалық негіздегі жанжалдарды болдырмау, нәсіліне, ұлты мен тіліне қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін сақтау, қазақ халқының біріктіруші рөлі, азаматтық бірегейлік пен рухани-мәдени бірлестікті қалыптастыру сияқты маңызды мақсаттар жеткізілді.
Пленарлық отырыстан кейін қатысушылар секцияларға бөлініп, онда арнайы тренингтер даярлаған үш спикер сөз сөйледі. Тыңдаушылар интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі арандатуларға жауап қайтару, этникалық бірегейлікті анықтау, сондай-ақ полиэтникалық қоғамда медиация практикасының негіздерін қолдануды үйренді.