Жаңа «институт» өзінің орнын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тапты.
Ең бірінші кафедра 2014 жылдың сәуір айында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ашылды, сол кезде бұл кафедра Қазақстан бойынша үшінші болды.
Жаңа кафедраның салтанатты тұсаукесерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұштастырып, қазан айында ашты. Лентаны кесу құрметі ҚМПИ проректоры Тілеген Ахметовке және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаковқа ұсынылды. Сондай-ақ іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің басшысы Нұрбек Шаяхметов қатысты. Қостанайлықтармен ҚХА кафедрасындағы жұмыс тәжірибесі туралы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Мамытова бөлісті.
- Сөзсіз, біз әріптестерімізбен тығыз байланысты жалғастырып, атқарылған жұмыспен алмасып, әдістемелік құралдармен бөлісіп жүреміз. Осы жылға оқу жоспары алдын-ала құрылғандықтан, біз келесі жылдан бастап Ассамблея кафедрасында сабақты бастаймыз,- деп жаңа кафедра меңгерушісі Ольга Евдокимова айтты. – Мемлекеттік саясатты іске асыру және студенттік қауымдастықты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін, бірінші курс студенттері үшін «Толеранттылық - этносаралық қарым-қатынас негізі» атты курсы ұйымдастырылатын болады. Әзірше кафедра базасында дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен, этномәдени орталықтарымен кездесу өткізу жоспарладық. Ольга Евдокимовадан басқа кафедрада доцент Махаббат Қозыбаева жұмыс істейтін болады, оның Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасымен ұқсас жұмыс тәжірибесі бар. Болашақта қостанайлықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық Ассоциациясына кіруді жоспарлап отыр.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі