Chania
129
11.10.2024
Федоров және Қарабалық аудандарының қоғамдық пікір көшбасшылары этносаралық өзара іс-қимыл негіздеріне оқытылды

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы "Біртұтас қоғам: келісім және сенім" республикалық жобасы аясында ұйымдастырған көшпелі семинар Қарабалық кенті, М. Сералин атындағы ЖББМ базасында өтті.

Ауылдық округтердің, станциялар мен ауылдардың 50 өкілі үшін бірден екі алаң жұмыс істеді. Біреуінде А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді. Ол жалпыұлттық құндылықтар туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамды біріктіру жолында мемлекеттік тілдің маңызды рөлін атап өтті.

Екінші алаңда философия ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры, Қостанай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Денис Качеев жұмыс істеді. Ол Қостанай облысындағы этносаралық қатынастар саласындағы ахуал туралы, әлеуметтік желілер мен ғаламтордағы арандатушылық пен қақтығыстар туралы айтып, өмірден алынған нақты мысалдарды талдады.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.