Бүгін Ы.Алтынсарин ескерткішінің жанында "Ұлы даланың киелі мұрасы" атты 2 күндік сапар бастау алды.
Тарихи-өлкетану экспедициясының мақсаты - Қостанай облысының киелі жерлерімен танысу, Қазақстанның табиғи және тарихи көрікті жерлерін танымал ету арқылы жастардың патриоттық сезімдерін нығайту болып табылады.
Экспедицияға еліміздің тарихына қызығушылық танытқан педагогтар, студенттер, өзге де қостанайлықтардан құрылған 4 топ қатысады. Экспедиция аясында олар Құтан әулие кесенесі, Кейкі батыр кесенесіне, Амангелді Имановтың мазарына барады.
Биыл экспедиция байқау форматында өтеді: командалар жаңа білімдер алумен қатар, сапарды өздерінің әлеуметтік желілері арқылы жариялап отырады. Үздік қатысушылар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.