Chania
210
03.10.2024
"Достық заңы барлық басқа заңдарға қарағанда маңызды"

Осындай тақырыпта облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттерімен  кездесуі өтті. 
Балалар алдында Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Наталья Рамазанова сөз сөйледі. Ол облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, оның этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі туралы баяндады. Сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрену мен құрметтеудің маңыздылығына үлкен назар аударып, студенттерді жағымсыз ақпарат таратпауға және әлеуметтік желілердегі арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды. 
Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Айнур Уразбаева этномедиация институтын дамуы туралы айтып берді. Ол "араздық тілі" дегеніміз не, оны қалай тануға болады және оған  қалай жауап беруге болатындығы туралы баяндады.  
Кездесу соңында студенттермен практикалық тапсырма өткізіліп, балаларға ойдан шығарылған жанжалды дұрыс шешу қажет   болды.