Chania
218
02.10.2024
ҚХА мүшелері Рудный қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚХА мүшелері Рудный қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Біріншіден Рудный қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонына барды. 


Этномәдени бірлестіктердің төрағалары - "Ұлы дала ұрпақтары Қостанай" ҚБ Нұржан Ермағамбетов, "Дуслык" татар - башқұрт қауымы Ринад Бектемиров, Қостанай облысының белорус қауымы Евгений Сотников - ҚХА жұмысы, іске асырылып жатқан жобалар, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаев Жолдауының маңызды тезистері туралы баяндап берді. Сондай-ақ, алдағы атом электр станциясын салу бойынша референдум тақырыбын талқылады. 


Кездесу соңында аға анықтаушы азаматтық қорғау капитаны Ренат Елеуов спикерлерге бөлінген уақыттары мен пайдалы ақпарат үшін алғысын білдірді.
Содан кейін олар Рудный қаласының білім бөлімінің № 5 гимназиясында болды. Оқушылармен этносаралық келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме  айтылды. Әңгіме барысында балалар ҚХА , жастар қозғалысының жұмысы туралы сұрақтар қойып, тіпті  спикерлермен суретке түсуге ниет білдірді.


Сапар №10 мектеп-гимназиясының еңбек ұжымымен кездесу сәтімен аяқталды. Төрағалар ҚХА қызметі туралы, сондай-ақ алдағы АЭС құрылысы туралы референдумда әрбір дауыстың маңыздылығы туралы айтып берді.