Chania
172
01.10.2024
Еңбек ұжымымен кездесу

ҚХА мүшелері Еңбек күнін мерекелеу аясында "КЕGОС" АҚ "Сарыбай жүйеаралық электр тораптары" еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Энергетиктерге Қостанай облысы белорус қауымдастығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Евгений Сотников Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және іске асырылып жатқан жобалар туралыбаяндап берді. Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды тезистер, АЭС салу және алдағы референдум мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында ұжымға өңірдегі энергетиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА атынан алғыс хат табысталды.