ҚХА мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары «Азия» СҮ наубайхана цехының аспазшыларын келе жатқан Еңбек күнімен құттықтауға келді.
Қостанай облысы белорус қауымдастығының төрағасы Евгений Сотников және М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ кәсіпкерлік орталығының директоры Есеева Ғайния цех қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың арқасында қостанайлықтар күн сайын дәмді және хош иісті кондитерлік өнімдерден ләззат алуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының маңызды тезистері туралы баяндап, ұжымға «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан алғыс хат табыс етті.
Кездесу соңында Евгений Сотников өзін аспаз ретінде сынап көріп, өз қолымен дәмді десерт жасады.