Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ҚХА кеңсесінің ашылуы
Міржақып Дулатов атындағы Қостанай, инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында арнайы дәрісхана ашылды.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Шиповский Геннадий Геннадиевич және Сатвалдиев Алишер Гапиржанович қатысты.
Бұл шараның университет үшін маңызы ерекше, себебі білім ордасында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында білім алуда, ал Ассамблея қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.