Chania
101
20.09.2024
«TURKfest.kst.2024» түркі мәдениетінің республикалық фестивалі

«TURKfest.kst.2024» түркі мәдениетінің республикалық фестивалі Мирас Мәдениет үйінде өткен ерекше, жарқын гала-концертпен тәмамдалды.

Оған Астана, Қостанай және Рудный қалаларынан 150-ге жуық әртіс қатысты.

Елордалық Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясынан «Қорқыт» этноансамблі, «Astana Opera» әншісі Нематилло Зкруллаев, «Вайнах» би ансамблі, аспапшы Намазов Садиг, «Дуслык» халық ансамблі келіп өнер көрсетті.

Ерекше қонағымыз велосипедпен саяхаттап, елдерді аралайтын опера әншісі Хурсанд Шеров болды. Ол өзі әзірбайжан ұлтынан, бірақ Өзбекстанда тұрады. Муслим Магомаевтың шығармашылығына арналған оның әлемдік велотуры біздің қаламыздан да өтті.

Рудныйлықтар да өз өнерлерімен қуантты: «Грация» және «Жизель» би ұжымдары, сондай-ақ вокалист Кадим Назиров келіп өнер көрсетті. Қостанайлықтар да тыс қалмай,
«Орда» және «Алтынай» би ансамблі, «Бирлик» әзербайжан қауымдастығының белсендісі Лейла Керимова, «Indigo» хореографиялық студиясы, «Айсұлтан» өнер мектебі, Анастасия Серікова, «ETHNO FASHION» сән агенттігі, «Горцы Ахыска» кавказ би ансамблі көрермендерге өз өнерлерін паш етті.

Түркі халықтарының музыка мен би әлемі жаңа қырынан танылып, жаңашыл, өте әсем фестиваль көрініс тапты.

Фото газеты "Наш Костанай"