Chania
99
19.09.2024
«Қазақстанның түркі халықтары дамуының ортақ бастаулары мен ерекшеліктері» республикалық конференциясы

«Қазақстанның түркі халықтары дамуының ортақ бастаулары мен ерекшеліктері» республикалық конференциясы

Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «TURK.fest.kst-2024»республикалық фестивалі аясында осы тақырыптағы диалог алаңы өтті. Конференцияға Түркістан, Астана және Измир (Түркия) қалаларынан түркітанушылар, сондай-ақ Қостанай жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысып, өз баяндамаларын ұсынды.

Түркі этностары қалыптасуының әртүрлі аспектілері, фольклордың отбасылық құндылықтарға беретін әсері, үйлену тойы дәстүрлерінің ұқсастығы және жалпы түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау мәселелері талқыланды.