Chania
140
28.08.2024
"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ 7 ҚАДАМ" ЖАЗҒЫ ОҚЫТУ ЛАГЕРІ

2024 жылдың 26-27-28 тамызында өңірдің түкпір-түкпірінен келген 90 бала көркем Наурызым ауданында өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы аясында жазғы оқу лагерінде болып қайтты.

         Мемлекеттік тілді үйрену барысында үздік жетістіктер көрсеткен балалар үш күн бойы Науырзым ауданында қазақ тілі мен мәдениетінің сан қырлы әлеміне саяхат жасады.

         Жаз бойы олар кураторлардың тапсырмаларын орындаған болатын: қазақ тілінде өздері туралы бейнеролик түсіріп, әдебиетті оқыды, онлайн-байқауларға қатысты. Соңғы кезең облыстың осы аймағына бағытталған сапар болды.

         Лагерь бағдарламасында - ұлттық ойындар бойынша шеберлік сыныптары, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының мұражайы бойынша экскурсия, ойын-сауыққа толы концерттік бағдарлама, табиғи қорықтағы экскурсия, киіз үйді жинауға және орнатуға қатысу, Науырзым өлкетану мұражайына, аудандық кітапханаға экскурсия, Докучаев жалпы білім беретін мектебіне, «L-клуб» патриоттық тәрбие кабинетіне бару, Түркебай ата, Қоянақ әже сынды киелі орындарға экскурсия жасау.

         Балалар үшін мәдениет пен дәстүрлерді, мемлекеттік тілді зерделеу бойынша ақпараттық алаңдар, мобилография және жасанды интеллектпен жұмыс бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Лагерь тілдік дағдыларды нығайтуға арналған орын ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі этнос өкілдерінің балалары арасындағы достық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу алаңына айналды.

         Сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мемлекеттік тілді үйренуге құлшынысы бар балаларды қолдау мақсатында балаларға салтанатты түрде кеңсе керек-жарақтары табысталды.

 

         «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы мемлекеттік тілді дамытуға, балалардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған, - деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова.

         «Біз бұл лагерь балалардың өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып,  оларға позитив пен жаңа білім беретініне сенімдіміз», - деп қостады Қостанай ауданының бастауыш сынып мұғалімі, «Ассамблея жастары»  жастар қозғалысының белсендісі Екатерина Гедзур.

         Бұл ауқымды іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын айта кету шарт. Өткен жылы жоба барлық аудандардан келген 200-ден астам балалар мен педагогтарды жинады.

         Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл лагерь балалар үшін пайдалы әрі қызықты тәжірибе болып, біздің қоғамдағы ұлтаралық келісім мен бірлікті дамытуға өз үлесін қосады деп үміттенеді.