Chania
879
24.10.2016
Қостанайша «Казактар еркіндігі»

Қазақ жері дарындыларға өте бай, бір жыл бұрын құрылған Қостанай қауымы Оренбург казактарының «Казактар еркіндігі» орыс, казак және славян өлеңдері ән ансамблінің қатысушылары осыны дәлелдеді. 15 қазан күні ансамбль «Қоғамдық келісім» КММ сахнасында өзінің екі сағаттық концертін қойды.
- Біздің ансамбль тек көркемөнерпаз әртістерінен құрылған топ емес, бұл орыс халық және казак өлеңіне ғашық, казак мәдениетінің атағын шығаруға ынтасын білдіретін ұйымшыл адамдар ұжымы, - деп ансамблінің орындаушысы Галина Смирнова айтты. 
- Бұл дәстүрлі орыс мәдениетінің казактар әнін дамытуға және нығайтуға құштар, ниеттес команда. Ұжымның репертуарында авторлардың да өлеңдері бар.  Ансамбльдің тамаша ақыны Евгения Смирнова және облыстың көркемөнер композиторы Сергей Кобызев «Метелица» өлеңін жазды, ол ансамбльге бірден ұнап, ең үздік репертуарға айналды. 
Қазіргі уақытта Оренбург казактары фольклорын сақтау, дамыту және насихаттаумен айналысатын «Казактар еркіндігі» ән ансамблі Қостанай облысындағы жалғыз шығармашылық ұжым.
Ән –  география секілді. Әртістердің сыңғырлаған дауыстары көрермендерді Тихий Дон жағалауы – казактар жайылымына, Ресейдің көктікен-түймедақ даласына, Қазақстанның ұлан-байтақ күнмен жылытылған шексіз ақселеу даласына әкетті.
Ұжым өз өлеңдерінде казактарды өсіріп шыққан жерлеріне деген сүйіспеншілігін, әйелге, анаға деген махаббатын, Отанды қорғау ісіне адалдығын көрсетуге тырысты.   Әндерден басқа ұжымның би тобынан жас қатысушы Данил Татьянченко қылышты ұстау өнерін көрсетті, ал Владислав Татьянченко гитарада ойнап көрермендерді қуантты. Көрермендер тамаша концерт үшін қол соғып, соңғы «Роспрягайте, хлопцы, коней» өлеңін ұжым қатысушыларымен бірге орындады.  

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі