Ғылыми-сараптамалық топ Федоров ауданының тұрғындарымен кездесті
Көшпелі іс-шара облыстық "Этносаралық өзгерістер" анти-конференциясы аясында өтті.
ҒСТ төрағасы Денис Качеев және Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай Академиясының өкілі Мырзабек Туйганов Успенов ауылдық округінің тұрғындарына ҚХА қызметі және этносаралық негіздегі жанжалдарды шешу жолдары туралы баяндап берді.
Кейін Федоров кентінің сауда саласының өкілдерімен этносаралық келісімді сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ этносаралық келісімді сақтау ісіндегі мемлекеттік тілдің маңызды рөлі туралы әңгімелесті.