Ардагерлер кеңесінің мүшелері, ЖРО, көп балалы аналар, мұғалімдер, полиция өкілдері қатысқан кездесу "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында өтті. Алғашқы болып Меңдіқара ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Құралай Кендірбаева және кеңес мүшесі Наталья Козлова сөз сөйледі.
Аналар кеңесінің жұмысы, оның мақсаттары, мүдделері мен нәтижелері туралы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай және Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ақжан Алтыбаева баяндап берді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқығын қорғаудың ерекшеліктерін тұрғындармен “ОТБАСЫ HELP” отбасылық терапия” жобасының жетекшісі, Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Несібелі Басенова талқылады.
ҚХА жұмысы бойынша облыстық мәслихаттың депутаттық тобының мүшесі, Еуразиялық Банк АҚ Қостанай облысындағы филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина да қатысушылардың толғандыратын сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұжымы атынан "Мектепке жол" акциясы аясында көпбалалы Баймановтар отбасына кеңсе тауарлары табысталды.