Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі интернационалды отбасыларға арналған байқауды алғаш рет өткізді.
Осындай ерекше жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарынан жиналған 6 отбасы қатысты. Онлайн кезең үшін олар өздерінің отбасы туралы бейнероликтер түсіріп, хоббиі мен басты құндылықтары туралы әңгімелеп берген болатын, ал бүгін олар Достық үйі қабырғасында кездесті.
Ең әсерлі кезең "Әкеге хат" форматында өткен танысу кезеңі болды. Анасы мен балалары өмірлеріндегі ең жақсы сәттерді еске алып, әкелеріне қолдауы мен сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіріп, отағасыларына хат жазды. Тіпті ер адамдар да өз сезімдерін ұстай алмай қалған сәттер болып, нәзік жандыларымыздың да көздерінен жас шықты.
Екінші турда Қазақстанның тарихын, мәдениетін, дәстүрлері мен ұлттық тағамдары жөніндегі викторина болды. Үшінші тур барысында отбасылар өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, төртінші турда әкелер қол күресінен жарысты.
Түскі астан кейін байқау қатысушылары бүкіл отбасына арналған “Көңілді старт" форматындағы спорттық жарысқа қатысты. Достық үйінің алдында асық ату, теңге алу, отбасы аналарына арналған белдеспек сайысы, доппен жүгіру, лабиринтті шешу жарыстары ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Рудный қаласынан келген Курбановтар отбасы, екінші орынды Полуян отбасы (Рудный қ.), ал Алтынсарин ауданының Красный кордон кентінен келген Хусаиновтар отбасы жүлделі бірінші орынға ие болды.
Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен естелік сыйлықтар табысталды.