Chania
120
05.08.2024
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ҚХА этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуда
Кездесу Астана қаласында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Отырысты Қазақстан Республикасы Әкімшілігі ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов ашты. Құттықтау сөзінде ол этномедиация институтын тиімді дамытудың және этномедиаторлардың сапалы жаңа пулын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, этномедиаторлардың жұмысы, ең алдымен, профилактикалық сипатта болуы шарт: жергілікті жерлерде адамдармен жұмыс істей отырып, ұжымдарға бару арқылы этносаралық негіздегі қақтығыстардың қандай қаупі бар екенін түсіндіру керек. Отырыс ақпараттық алаңдар жұмысымен жалғасып, онда қатысушыларға этномедиация орталықтарының даму перспективалары, этносаралық жанжалдардың алдын алудың практикалық аспектілері, сондай-ақ жанжалдан кейінгі реттеудің тиімді шаралары туралы айтылады