"Мектепке жол" республикалық акциясы басталды!
Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі жыл сайын осы жобаға ат салысып, барша азаматтарды өз қатарына қосылуға шақырады.
Егер сіз балалардың мектепке жиналуына қол ұшын бергіңіз келсе, біз күшімізді біріктіруге дайынбыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 50-31-84, Жанна Құрманғалиқызы