Chania
225
19.06.2024
Облыстық ҚХА мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Оторбаевпен кездесті

Кездесу қазіргі заманғы қоғамдық даму барысына  интеграцияланған дала демократиясы дәстүрлерінің жалғасы болып табылатын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына арналды.

Қостанай облысы ҚХА мүшелері Президент кеңесшісін аудандардағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдардың және "Ассамблея жастарының” іс-шараларымен таныстырды.

Өз кезегінде Мәлік Оторбаев бірлестіктердің ҚХА институтын дамытуға  қосқан зор үлесін атап өтіп, этномәдени орталықтардың қайырымдылық көмегі және өңірдегі этносаралық келісімді сақтау тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғысын білдірді.