Кездесу қазіргі заманғы қоғамдық даму барысына интеграцияланған дала демократиясы дәстүрлерінің жалғасы болып табылатын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына арналды.
Қостанай облысы ҚХА мүшелері Президент кеңесшісін аудандардағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдардың және "Ассамблея жастарының” іс-шараларымен таныстырды.
Өз кезегінде Мәлік Оторбаев бірлестіктердің ҚХА институтын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, этномәдени орталықтардың қайырымдылық көмегі және өңірдегі этносаралық келісімді сақтау тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғысын білдірді.