Chania
187
17.06.2024
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы

Облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен ХХХІІ сессияда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өткен жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды.

Сессияға қатысушыларға облыстық ҚХА-ның «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қосқан үлесі, этномәдени бірлестіктер мен консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы және "Ассамблея жастарының" оның дамуына қосқан үлесі туралы хабардар еткен баяндамашылар сөз сөйледі.

Өз кезегінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Ассамблеяның ұлтаралық келісімді сақтаудағы рөлін ғана емес, су тасқыны кезіндегі белсенді жұмысын атап өтті.

– Облыстық ассамблея ізгі ниет, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерді насихаттай отырып, волонтерлік және қайырымдылық шараларды белсенді түрде қолдайды.  Соның арқасында қоғамда әлеуметтік жауапкершілік идеясы орнықты. Ассамблея медиация институтының дамуына өз үлесін қосуда. Біз жастармен тығыз жұмыс жасаймыз. Бұл өте ауқымды және маңызды қызмет саласы. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея мүшелері – өңіріміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүрген нағыз патриот, еліне адал жандар. – деп өз сөзінде  облыс әкімі Құмар Ақсақалов атап өтті.

Сессия соңында аймақ басшысы су тасқыны кезінде атқарған жұмыстары үшін облыстық ҚХА еріктілеріне алғыс хаттар табыс етті.