Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған екінші аймақтық семинар аяқталды.
А.М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының Қоғамдық ғылымдар академиясының кафедралар қауымдастығы төрағасының орынбасары Людмила Гривенная.
Лектор «өшпенділік сөздерін» сыни талдаудың жолдары, қақтығыстарды шешудің тиімді әдістері, сондай-ақ этносаралық коммуникациядағы келіссөздер мен бітімгершілік технологиялары туралы айтты.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды, енді өз аймақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.