Бүгін «Қостанай облысының этносаралық ерекшеліктерін ескере отырып, этносаралық қатынастар саласындағы келіссөздер үдерісінің негіздері» атты аймақтық семинарға қатысушылар шешендік өнер мен этнопсихологияның ерекшеліктерін зерттеді.
Бүгін Достық үйіне облыстың аудан-қалаларынан келген өкілдер, аудан орталықтарының ұлтаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының қатысушылары бас қосты. Семинардың бірінші күні олар үшін «Сөз құдіреті» мастер-класс ұйымдастырылды, оны дауыс, сөйлеу және коммуникация бойынша жаттықтырушы Анна Шендерская жүргізді. Түскі астан кейін философия ғылымдарының кандидаты, Қостанай облысы бойынша ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Денис Качеев этнопсихологияның негіздері, түрлі этнос өкілдерімен қарым-қатынас ерекшеліктері мен стереотиптер туралы айтты.