Chania
821
07.10.2016
Барлығыңызды Сабантуй мерекесіне шақырамыз!

Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өзара шешімі бойынша республикалық Сабантуй 2017 жылы Қостанай қаласында өтеді.
Бұл туралы Қостанай облысының «Дуслык» татар-башқұрт қауымының төрағасы Ринад Бектемиров Астана қаласында ТР Президентімен кездесуде жеке сөйлесуге мүмкіндігі болды. 
- Бізде тарихи отанмен өзара байланыс реттелген, біз жыл сайын татар балалары үшін дәстүрлі бейінді ауысымға «Идель» жастар орталығының шақыруы бойынша «Милләтебез хәзинәләре» - «Сокровище нации» өзіміздің балаларды жіберіп отырамыз. Екі апталық лагерьде жастар белсенділері Ресейдің, Қазақстанның және басқа ТМД елдерінің барлық жерлерінен келіп жиналады, олар татар халықтарының тілдерін, мәдениетін, салт-дәстүрін оқып біледі,- деп Ринад Вальтаевич айтады. – Биылғы Рустам Миннихановпен кездесу Қазақстанның барлық татар қауымдары төрағаларымен өтті. Кездесуде Қазақстан және Татарстан арасындағы қатынасты нығайту және татар мәдениетін, тілін дамыту және сақтау мәселесі талқыланды. Осы кездесу аясында біз тек өзіміздің этномәдени бірлестіктер қызметі туралы ғана емес, сондай-ақ ҚР татар мәдениетін насихаттауға бағытталған жобаларымызды ұсындық. Мен біздің жастар қанатының жетекшісі Валерия Гумированың «Қостанай тарихындағы татарлар»  атты жобаны таныстырдым. Татар зиялыларының, қолөнершілерінің және саудагерлерінің есімдері біздің облыстық орталықтың тарихымен тығыз байланысты және бүгінгі күнге дейін қостанайлықтардың есінде бар. Қазір «Қоғамдық келiсiм» КММ мен тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан ғимаратты алатын болсақ. Бұл ағайынды пассаж Якушевтардың сауда үйі болатын, ол XX ғасырдың басында атақты троиц көпестерімен салынған болатын.  Өздерінің қаражатына Якушевтер биыл 125 жылдығын атап өткен Ақ-мешіт ғимаратын салған. Бұл көне және әсем мешіттерінің бірі, Қостанай қаласының мақтанышы. Ақ-мешітте қызметін атқарған соңғы молда татар Абдулахат Кадыров боды. 1937 жылы жазаға тартып, атып өлтірді. 22 жыл өткен соң оны ақтап шығарды. Облыс орталығында «Наримановка» (бұрынғы «татар бостандығы») атты аудан болды, ол жерде татарлар мен башқұрттар тұрды. Қалыптасқан дәстүр бойынша «Дуслык» қауымы көктем және күз айларында біздің ата-бабаларымыз жерленген ескі мұсұлмандар зиратында сенбілік ұйымдастырып отырады.. Осы туралы өскелең ұрпақ ұмытпаса екен деймін, өйткені Қостанай қаласы көптілді және алуан жүзді!

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі