Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясына ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттар форумында су тасқыны кезіндегі көмегі үшін алғыс айтылды.
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев өзінің құттықтау сөзінде облыстық ҚХА мүшелерінің жауаптылығы мен жанқиярлығы туралы айтып, алғыс ретінде естелік хат табыс етті.
Сондай - ақ, "2024 жылғы Патриот" форумында Достық үйінің қызметкері-талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Айбек Таңатбаев атап өтілді. Ол су тасқыны кезінде Амангелді ауданында штаб ұйымдастырғаны үшін "волонтерлік" номинациясы бойынша үздік атанды.
Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және терең ризашылығымызды білдіреміз!