Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыстық Аналар кеңесінің жыл сайынғы жазғы жобасы іске қосылды.
Бұл нағыз дәстүрге айналды: жобаның мерекелік ашылуы Достық үйінің алдында би, ән мен көңілді ойын-сауықпен өтеді. Одан әрі жаз бойы ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты тануға бағытталған бағдарламамен ұйымдастырушылар Қостанай қаласының ауласына шығады.
Сонымен, бүгін алдымен «Сезім» тобының кіші бишілері бүлдіршіндерге би билеп, ата мен әже барлығына бата беріп, содан кейін қобызда ойнау бойынша шеберлік сабағын көрсетті.
«Жарқын жаз» қай аулаға келетінін әлеуметтік желілерімізден біле аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар!
Мереке құтты болсын, достар!