Chania
139
15.05.2024
7 бала, 17 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек ...

...сүйген Қостанай қаласының тұрғыны Күнжамал Егізбаева өзінің 100 жылдық мерейтойын тойлады. Халықаралық Отбасы күнінде Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қарияны осы айтулы мерекесімен құттықтады. 
Кездесу әжейдің шаңырағында болып өтті. Күнжамал әже қонақтарды қуана-қуана қарсы алып, өз өмірі жайлы баяндады. Жас кезінен бастап жұмыс істеп, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары біраз қызмет атқарып, сауыншы, бұзаушы, есепші және тракторшы да болған екен. Сонымен қатар, балаларын да тәрбиелеп, өсірген.
Сондай-ақ, Күнжамал апа ұзақ ғұмыр кешудің құпиясымен бөлісті. Ол құпияның сыры балалары мен немерелерінің ықыласы мен мейірімінде, жақындарымен кездесіп әңгіме-дүкен құрған сәттегі сүйіспеншілікте деп білдік. 
Мереке құрметіне Аналар кеңесінің мүшелері туған күн иесіне ұлттық тәттілер салынған себет табыстап, ақ орамал мен қамзол жапты.

 

https://www.instagram.com/p/C6_1ya1tJLl/