Мектеп оқушыларына медиация
Қостанайдың жоғары сынып оқушыларына медиация және этносаралық келісім туралы ақпарат берілді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 10 мектепті аралап, дәріс оқыды. 9-11 сынып оқушыларына ҚХА қызметі, этномәдени бірлестіктер мен "Ассамблея жастары” жастар қозғалысының маңызды жобалары туралы айтылып, мектеп медиациясына баса назар аударылды.