"Таза Қазақстан" республикалық акциясы
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы "Таза Қазақстан" республикалық акциясына белсенді ат салысады.
Бүгін этномәдени бірлестіктер кезекті сенбілікке шықты. Кездесу орны 2019 жылы Гашек көшесі бойындағы жағалауда бірлік күнін мерекелеу аясында отырғызылған Достық аллеясы болды.
Экологиялық акцияға Қостанай облысының "Ассамблея жастары" жастар қозғалысының мүшелері де қатысты. Балалар мемлекет басшысының ұсыныстарын, әсіресе табиғатқа ұқыпты қарау мәселесін әрдайым қуана қолдайды.