Қостанайда Тәжік-өзбек мәдениетінің күні айшықталған түстерде өтті.
Екі сағатқа «Қоғамдық келісім» КММ концерттік залы қарбаласы жоқ, биік таулы жерлерінің сан түрлі шөптерінен демделген қою шайын ақ сақалды аталар асықпай ішіп өмір мен тұрмыс сәттері туралы әңгімелеп отырған сиқырлы ертегіге айналғандай болды.
Іс-шараның құрметті қонақтары Шрақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының төртінші курс студенттері - Саид Рахмонов, Субхон Шерматов, Дильшод және Мухиддин Саидов болды. М. Саидов курстастарымен тәжік тілінде көрермендерге сәлем беріп, «дойра» (дабыл) тәжік ұлттық соқпалы музыкалық аспабында өзін сүйемелдеп ән шырқап берді.
Балалар Қазақстан және Тәжікстан арасында жасасқан үкіметаралық келісім бойынша төрт жыл грант негізінде оқып білім алған академияны 2017 жылдың қаңтар айында аяқтайды.
- Біз Душанбе қаласында туып өстік. Осы оқу мекемесіне түсу үшін қатаң іріктеуден өттік. Туған жерімізде үздік оқушы болғандықтан, осы жерде де жақсы оқуға тырыстық. Алдыңғы кездері тілді білмегендіктен қиынырақ болды, орыс тілін жақсы білген жоқпыз. Осы жерде орыс тілін үйреніп, қазақша түсіне бастадық. Тәжік тілі мүлдем басқа топтан ғой, ал өзбек тілі қазақ тіліне жақынырақ. Қостанайға келер алдында, біз Қазақстанда болған емеспіз. Әлбетте сіздердің солтүстік аяздарына дағдылану керек болды, - деп Дельшод пен Саид күлімсіреді.
- Бізге әсем және жаңа Астана әсер етті, сондай-ақ бізге ет пен бауырсақ та ұнады. Қостанайда тәжік-өзбек қауымы болғанына өте қуаныштымыз, осы мерекеге қатысып, өзімізді үйде болғандай сезіндік.
Концерттік бағдарламаның тағы бір қатысушысы Қостанай педагогикалық колледжінің екінші курс студенті 18 жасар Нигора Косимова болды. Нигора Ташкент қаласының тумасы, ол өзбек-орыс интернационалдық отбасында туған.
- Бес жасымда біз Қостанай қаласына көшіп келдік, бугінгі күнге дейін осында тұрып жатырмыз. Мен кішкентай болсам да Ташкенттің шуақты көшелері, әлемдегі ең тәтті өрігі мен өте дәмді палауы әлі есімнен кетпейді. Менің тарихи отанымнан «Нигора» атты сирек кездесетін есімі бұйырды, ол «жар» деп аударылады. Өзімнің шыққан жерімді ұмытпауға тырысамын, хореография факультетінде оқығандықтан осы концертке жайма шуақ өзбек биін дайындап келіп, көрермендеге ұсындым, - деп Нигора айтып кетті.
«Шарк» тәжік-өзбек қауымын өзге қостанайлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің музыкалық нөмірін сыйлап құттықтады. Мысалға, еврей этноорталығының өкілі Владимир Алексанин «Ялла»-«Чайхана» әйгілі өзбек ВИА-ның әң-шлягерін орындап берді.
- Осындай Мәдениет күндері «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жоба шеңберінде біздің облыстық Достық үйінде екі ай бойы өтіп жатыр, - деп Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова айтты. - «Шарк» тәжік-өзбек қауымы біздің өңірде 2003 жылғы 3 сәуірде тіркелген болатын. Біздің облысымыздың аймағында соңғы халық санағының деректері бойынша тәжік-өзбек этностарының мыңнан артық өкілдері тұрады. Қауымның тұрақты төрағасы Холметов Эргашвой Эрматович болып табылады. Өкінішке орай, ол жұмыс сапарымен Тәжікстанға аттанғандықтан іс-шараға қатыса алмады. «Шарк» қауымының белсенділері айтулы қайырымдылық көмегін көрсетуде және олар 13 жыл қатарынан «Жанұя» отбасы түріндегі ауыл тәрбиеленушілеріне жыл сайын тамыз-қыркүйек айының басында жемістер, кептірілген жемістер, консервіленген көкөністер, нәрсу, шырын апарып қамқорлық жасап жүргенің атап өтейін. Осы жыл Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстан үшін де ерекше жыл, өйткені олар да Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуде. Әр одақтық республика өзінің егемендік жолымен жүріп, белгілі жетістіктерге жетті. Ең бастысы тарихымыз бір мемлекетімізде әрқашан тыныштық болсын. Қазіргі уақытта ең басты құндылық – халықтың бейбітшілігі мен амандығы!
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі