Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері су тасқынымен күресіп жатқан Аманкелді ауданының тұрғындарына алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды.
Қауымдастықтардың белсенділері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қысқа мерзімде қаражат жиынын ұйымдастырып, еріктілер үшін 110 мың теңгеден астам сомаға 1000 қапшық, 500 жұп қолғап, күректер пен ағаш саптар сатып алды. Құрал-сайманның барлығы шұғыл түрде Аманкелді ауданына жіберілді.
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік аудандардың тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Бүгін азық-түлік, күректер, қолғаптар салынған тағы бір гуманитарлық жүк жөнелтілді. Қазіргі уақытта су басумен күресіп жатқан жандарға резеңке етіктер, фонарлар, балауыз шамдар қажет, өйткені аудандарда электр қуаты жоқ.
Көмек Алтынсарин көшесі, 115 мекенжайындағы Достық үйі ғимаратында жиналып жатыр.
Тасқын сумен күрес жүргізу жолында облыс еріктілерімен бірге ҚХА еріктілері де қатысып жатыр. Олар әкелінген қолғаптар, құралдарды таратып, еріктілерді тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырып, үйлерді қардан тазартуға, құм салынған қаптардан қоршаулар жасауға көмектесіп жатыр.
Сондай-ақ, төтенше жағдай орнында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Айбек Танатбаев еріктілердің жұмысы және су тасқынына қатысты барлық іс-шаралардың барысын баяндап, жариялауға ат салысуда.