Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы көктемнің жарқын мерекесі - Наурыз мейрамын атап өтті.
Дәстүр бойынша Әл-Фараби көшесінде үлкен киіз үй қалашығы орналасты. Облыстық ҚХА да осы жерде өз киіз үйлерін орнатты. Олардың бірінде жаюлы дастархан басында қонақтарды «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қазақ этномәдени бірлестігінің өкілдері қарсы алды. Келесі киіз үйде Наурыз мейрамын тойлайтын түрлі этностардың дәстүрлі тағамдары қойылған үстелдер орналасқан.
Көшеде этномәдени бірлестіктер әртістерінің әндерімен, билерімен және көңілді интерактивімен концерттік бағдарлама болып өтті.
Облыстық ҚХА бірге 5 сағаттың қалай өтіп кеткені байқалмай қалды! Баршаңызға керемет көңіл-күй үшін алғыс білдіреміз!