Мерекелік бағдарлама этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының күшімен ұйымдастырылды.
Қонай шағын ауданы жақында облыс орталығының құрамына енді. Аудан тұрғындары бірден достасып, келе жатқан мерекені бірге үлкен алаңда қуана-қуана атап өтті.
Наурызға қонайлықтар 2 киіз үй орнатып, жәрмеңке ұйымдастырып, қонақтарын қарсы алды. Басты қонақ - Қостанай әкімі Марат Жүндібаев болды. Ол өз құттықтау сөзімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жалғастырған бағдарламаны ашты.
Ауа-райы қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, сондықтан шағын аудан тұрғындары әртістермен бірге екі сағат бойы ән шырқап, би биледі.